Бұл шақыруда ең маңыздысы — мекенжай
Картаға сілтемені өз телефоныңнан тексер: ол көрші корпусты емес, дәл сендердің үйді ашуы керек. Қонақтарға арналған сөзге көлікті қайда қоюға болатынын және кіреберістің қай жақта екенін қосып жазуға болады.
ALA · Шақыру
Қоныс той — жаңа үйге кірген отбасының қуанышы: туыстары мен достарын дастарқанға шақырады. Шақырудың ортасында — отбасының тегі не үй иелерінің есімдері. Соларды жаз, күні мен жаңа мекенжайды картаға сілтемесімен қос та, шақыруды жібер.
Бұл түрге барлығы 33 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →
Картаға сілтемені өз телефоныңнан тексер: ол көрші корпусты емес, дәл сендердің үйді ашуы керек. Қонақтарға арналған сөзге көлікті қайда қоюға болатынын және кіреберістің қай жақта екенін қосып жазуға болады.
Үйде орын залдағыдан аз. Жауап беру мерзімін қой: әр қонақ өзімен бірге неше адам келетінін белгілейді, сонда бәрі бір дастарқанға сыя ма, алдын ала білесің.
Қазақта ерулік деген салт бар: ескі көршілер жаңа көшіп келгендерге дәм апарады — олар өзін бөтен сезінбесін деп. Қоныс той — өзің де танысуға жақсы себеп: сілтемені көршілеріңе де жіберуге болады.
Қоныс той — жаңа үйге не пәтерге көшкенде жасалатын той. Үй иелері үйді көрсетеді, көбіне шашу шашылады, дастарқан басында үлкендер бата береді. Қалай атап өтетінін әр отбасы өзі шешеді.
Қоныс той үшін конструкторда бір негізгі жол бар — «Отбасы не есімдер». Отбасының тегін не үй иелерінің есімдерін жазуға болады: не жазсаң, мұқабада сол тұрады.
Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.
Шақыру беті іздеу жүйелерінен жасырылған: оны сілтемесі не QR-коды бар адам ғана аша алады. Сілтемені шынымен шақыратын адамдарыңа ғана жібер.
Қазақша дұрыс жазылуы — «қоныс той», яғни қ әрпімен. Хат алмасуда және іздеуде оны көбіне к деп жазады: «коныс той», «коныс тойга шакыру». Бұл сол той, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — qonys toi немесе konys toi.
Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуҚұдалықМерейтойТуған күнАуызашарСүндет тойШілдеханаТұсаукесерБесік тойТілашарҚырқынан шығаруАс беру