Неше құда келеді
Құда нешеу болатыны өңір мен әулетке қарай әр түрлі; саны тақ болуы керек деп жиі айтады. Қонақтардан белгілі бір күнге дейін жауап беруді сұра: кабинетте кім келетінін және әр жақтан неше адам болатынын көресің.
ALA · Шақыру
Құдалық — екі әулеттің құда болып табысатын дастарқаны: танысады, құйрық-бауыр асатады, киіт кигізеді. Күйеу жігіт пен қалыңдықтың есімін, күні мен мекенжайын жаз да, сілтемені екі жаққа да жібер.
Бұл түрге барлығы 41 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →
Құда нешеу болатыны өңір мен әулетке қарай әр түрлі; саны тақ болуы керек деп жиі айтады. Қонақтардан белгілі бір күнге дейін жауап беруді сұра: кабинетте кім келетінін және әр жақтан неше адам болатынын көресің.
Кейде қонақтарды алдымен бір жақ, кейінірек екінші жақ күтеді. Әр кездесуге бөлек шақыру жаса: оның өз сілтемесі, өз мекенжайы және өз жауаптары болады.
Оны әр жақтан бір адамға берген ыңғайлы — ол өз туыстарына таратады. Шақыру беті іздеуде шықпайды: оны сілтемесі не QR-коды бар адам ғана аша алады.
Құдалық — күйеу жігіт пен қалыңдықтың отбасылары ресми түрде құда болатын дастарқан. Салт бойынша құдаларға құйрық-бауыр асатады — оны жеген соң уәде бекіді деп саналады — және киіт кигізеді. Не сыйлайтынын, қай ретпен өткізетінін екі әулет өзі шешеді.
Құда түсу — күйеу жақтың қыздың үйіне келіп, қызды айттыруы. Құдалық — мағынасы кеңірек сөз: құда түсудің өзін де, құдалардың бас қосқан дастарқанын да солай атайды. Ауызекі тілде оларды көбіне ажыратпайды, ал шақыру екеуіне де жарайды.
Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.
Қазақ не орыс тілінде — конструкторда таңдайсың. Құдалық шақыруында «той» сөзі қолданылмайды: «Той иелері» орнына «Шақырушылар», «Тойға дейін» орнына «Кездесуге дейін» деп жазылады.
Қазақша дұрыс жазылуы — «құдалық», яғни қ және ұ әріптерімен. Хат алмасуда және іздеуде оларды көбіне к мен у деп жазады: «кудалык», «кудалыкка шакыру». Бұл сол жиын, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — qudalyq немесе kudalyk.
Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуМерейтойТуған күнҚоныс тойАуызашарСүндет тойШілдеханаТұсаукесерБесік тойТілашарҚырқынан шығаруАс беру