ALA · Шақыру

Туған күнге онлайн шақыру

Туған күн иесінің атын және неше жасқа толатынын жаз — мұқабада есімі мен жасы шығады: қазақша шақыруда «25 жас», орысша шақыруда «25 лет». Уақыты мен мекенжайын, өз атыңнан бірер сөз қос, үлгі таңда да, сілтемені достарың мен жақындарыңа жібер.

Осы түрге арналған үлгілер

Бұл түрге барлығы 37 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →

Шақыруға не жазу керек

  • Туған күн иесінің есімін және неше жасқа толатынын: жасы қатар тұрған жолға санмен жазылады.
  • Шақырушыларды: туған күн иесінің өзі, отбасы не достары. Шақыруда олар «Шақырушылар» деп көрсетіледі.
  • Күні, уақыты және орны — кафе, үй не қала сыртындағы демалыс орны — мекенжайы мен картаға сілтемесімен (2ГИС, Яндекс не Google).
  • Бағдарлама болса, оны да: қашан жиналамыз, дастарқан мен тілектер қашан, торт қашан. Шағын отырысқа екі жол да жетеді.
  • Өз атыңнан бірер сөз: дресс-код, кештің тақырыбы, «гүл әкелмей-ақ қойыңдар» — қонақтың алдын ала білгені жөн нәрсенің бәрі.

Ересекке де, балаға да

Туған күнге арналған үлгілердің ішінде байыпты, минималистік түрлері де, жарқын, балаларға арналған түрлері де бар. Туған күн балаңдікі болса, оның аты мен жасын жаз, ал «Кім шақырады» жолына ата-анасын көрсет.

Жасын атамасақ

«Неше жаста» жолын бос қалдыруға болады — сонда мұқабада тек есім қалады. Толтырсаң, жасы мұқабада есіммен бірге шығады.

Неше орын брондау керек

Бронды растайтын күнге дейін жауап беруді сұра. Әр қонақ келетінін және өзімен бірге неше адам болатынын белгілейді — жалпы саны кабинетте көрінеді.

Сұрақ-жауап

Баланың туған күніне шақыру жасауға бола ма?

Иә. Баланың атын және неше жасқа толатынын жаз, балаларға арналған не кез келген басқа үлгіні таңда. Шақырушы ретінде ата-анасын көрсетуге болады.

Туған күн бе, мерейтой ма — қайсысын таңдаған дұрыс?

Конструкторда бұл — екі бөлек түр. Туған күн — достармен не отбасымен өтетін отырысқа, ересекке де, балаға да арналған. Мерейтой — бүкіл ағайын жиналатын мерейлі жасқа арналған. Жолдары бірдей — есім мен жас, — ал дайын бағдарламасы мен қонақтарға арналған сөзі бөлек.

Туған күнге шақыру жасау үшін тіркелу керек пе?

Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.

Кім келетінін қалай білемін?

Қонақ сілтемені не QR-кодты ашып, «Келемін» не «Келе алмаймын» дегенді басады, өзімен бірге неше адам болатынын көрсетеді және тілек жаза алады. Жауаптардың бәрі сенің кабинетіңе жиналады.

Қалай дұрыс: «туған күн» бе, әлде «туган кун» ба?

Қазақша дұрыс жазылуы — «туған күн», яғни ғ және ү әріптерімен. Хат алмасуда және іздеуде оларды көбіне г мен у деп жазады: «туган кун», «туган кунге шакыру». Екеуі — бір нәрсе, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — tugan kun немесе tuğan kün.

Басқа шақырулар

Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуҚұдалықМерейтойҚоныс тойАуызашарСүндет тойШілдеханаТұсаукесерБесік тойТілашарҚырқынан шығаруАс беру

Тойға тілек · Той қалай өтеді, не сыйлайды