ALA · Шақыру

Тілашарға онлайн шақыру

Тілашар — мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаға арналған той: туыстар жиналып, бата береді, оқуына сәттілік тілейді. Баланың атын, күні мен орнын жаз, үлгі таңда да, бәрін бір сілтемемен шақыр.

Осы түрге арналған үлгілер

Бұл түрге барлығы 35 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →

Шақыруға не жазу керек

  • Баланың — болашақ бірінші сынып оқушысының — есімін.
  • Шақырушыларды: ата-анасы, ата-әжесі.
  • Күні мен уақытын. Тілашарды әдетте оқу жылы басталар алдында не қыркүйектің алғашқы апталарында жасайды — отбасына қалай ыңғайлы болса, солай.
  • Орнын мекенжайы және картаға сілтемесімен: үй, кафе не зал.
  • Бағдарламаны: қонақтарды қарсы алу, тілашар рәсімі мен бата, баланың өнері — тақпақ, ән, — дастарқан.

Балаға сөз бер

Дайын бағдарламада «Баланың өнері» деген тармақ бар — той иесінің тақпағы не әні. Оны алдын ала жаттатып, бағдарламада дастарқанның алдына қой: бала шаршамай тұрғанда айтсын.

Күнін кешіктірме

Тамыздың соңы мен қыркүйектің басы — жұрттың бәрі мектепке дайындалып, тойын жасап жатқан кез. Сілтемені екі-үш апта бұрын жіберіп, жауап беру мерзімін қой: қонақ санын алдын ала білесің.

Батаны кім береді

Бірінші сыныпқа баратын балаға батаны әдетте отбасының үлкендері — атасы, әжесі не сыйлы қонақ — береді. Оларға алдын ала өзің айтып қой; бағдарламада «Тілашар рәсімі, бата» деген жол жеткілікті.

Сұрақ-жауап

Тілашар деген не?

Тілашар — баланың мектепке баруына арналған той. Туыстар дастарқан басына жиналады, үлкендер бата береді, ал бала тақпақ айтады не ән салады. Қалай өткізетінін әр отбасы өзінше шешеді.

Тілашарды қашан жасайды?

Көбіне бірінші қыркүйектің алдында немесе бала бірінші сыныпқа барған соң көп ұзамай. Қатаң мерзімі жоқ: отбасы өзіне ыңғайлы күнді таңдайды.

Тілашарға шақыру жасау үшін тіркелу керек пе?

Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.

Шақыруды қай тілде жасаған дұрыс?

Қазақ не орыс тілінде — тілді конструкторда таңдайсың. Шақырудағы жазулар соған байланысты: «Келемін» не «Приду», «Той иелері» не «Хозяева тоя». Ал қонақтарға арналған сөз бен бағдарламаны өзің қалаған тілде жазасың.

Қалай дұрыс: «тілашар» ма, әлде «тилашар» ма?

Қазақша дұрыс жазылуы — «тілашар», яғни і әрпімен; бөлек жазылған «тіл ашар» түрі де кездеседі. Хат алмасуда және іздеуде «тилашар», «тилашар той», «тилашарга шакыру» деп жазады. Бұл сол той, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — tilashar.

Басқа шақырулар

Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуҚұдалықМерейтойТуған күнҚоныс тойАуызашарСүндет тойШілдеханаТұсаукесерБесік тойҚырқынан шығаруАс беру

Тойға тілек · Той қалай өтеді, не сыйлайды